Жеке тұлғаларға арналған ақпарат
Сіз онлайн калькулятор арқылы рәсімдеудің алдын ала құнын есептей аласыз
ОНЛАЙН КАЛЬКУЛЯТОР
Асып түсетін жүктің шамалы құнын есептеңіз
Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларын 200 еуро бажсыз енгізу шегінің қолданылуы 2024 жылғы 1 Сәуір дейін ұзартылды.
Құны 200 еуродан немесе 31 кг-дан асып түсетін жүктер бойынша
DHL компаниясының құрметті клиенттері,
ЕЭК Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы №35 шешімімен ЕЭК Кеңесінің «Жеке пайдалануға арналған тауарларға байланысты жекелеген мәселелер туралы» № 107 шешіміне өзгерістер белгіленген: 2022 жылғы 31 наурыздан бастап 2023 жылғы 1 қазанға дейін жеке тұлғалармен жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелу лимиті 200 еуроға дейін көбейтілді. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕЭК Кеңесінің № 107 Шешімімен белгіленген лимиттердің асып түсуімен енгізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар бойынша баждар мен салықтардың келесі бірыңғай мөлшерлері белгіленген.
құнның асып түсу бөлігінде 15%
асып түсу бөлігінде килограмм үшін 2 еуро
Тауарларының құны белгіленген лмитттерден асып түсетін жеке тұлғаларға арналған ақпарат
Егер Сіз жеке пайдалануға арналған тауарлар бар DHL Express желісі бойынша жүк алсаңыз, және олар құны бойынша 200 еуродан (бір жүк үшін) және/немесе салмағы бойынша 31 кг-дан (бір жүк үшін) асып түссе, онда Сізге кедендік төлемдерді төлей отырып, кедендік ресімдеуді жүргізу қажет. Сіз DHL Express көмегімен қызметтерді пайдалана аласыз (біздің мамандарымыз барлық құжаттарды дайындайды, толтырады және оларды кедендік органға ұсынады, «шығарылым» алады, осыдан кейін жеткізу жүзеге асырылады), немесе Сіз кедендік тазартуды өздігінен жүргізе аласыз, бұл үшін Сізге төмендегі нұсқаулықты ашуға немесе жүктеуге болады:
Біздің ресімдеу жөніндегі қызметтеріміз 20,000 теңгені + мемлекет қазынасына 200 еуродан асатын баждың 15% - төленетін баж сомасынан әкімшілік алымның 8% құрайды
Алматы ТПО өздігінен ресімдеу жөніндегі нұсқаулық
А стана ТПО өздігінен ресімдеу жөніндегі нұсқаулық
Атырау ТПО өздігінен ресімдеу жөніндегі нұсқаулық
Сондай-ақ, электрондық нысанды сілтеме арқылы толтырып, қол қоюға болады.
Сонымен қатар Сіз басқа кедендік өкілдердің қызметтерін пайдалана аласыз.
DHL мамандарымен кедендік ресімдеу үшін Сізге келесі құжаттарды дайындау қажет:
1. Шарт ( жүктеп алу .pdf ) басып шығарылуы және қол қойылуы қажет.
Сіздің салық органыңыздың БСН бар жолды толтыруға назар аударыңыз. Алушының салық органының БСН ұсыну міндетті болып табылады.
Салық органдарының – олардың БСН-мен МКБ (мемлекеттік кірістер басқармасы) тізбесі төмендегі сілтемелер бойынша орналасқан.
https://kgd.gov.kz/ru/reference/dgd
https://egov.kz/cms/ru/articles/taxation/taxes_bin
Аудан бойынша МКБ және оның БСН табу үшін Сізге тіркеуіңіздің ауданын көрсету қажет (электрондық үкімет – egov.kz сайтында жеке кабинетте тексеруге болатын ресми тіркелген тұрғылықты тіркелу).
2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, Екі жақтан (бейрезидент үшін – алушы паспортының көшірмесі, ССН тіркеу туралы куәлік, виза)
3. Міндеттеме ( Алматы ға арналған үлгіні жүктеп алу )
( А станаға арналған үлгіні жүктеп алу )
( Атырау ға арналған үлгіні жүктеп алу )
4. Сатушыға жүк ішіндегісінің төлеуін растау Көшірмесі немесе экраннан сурет, Сіздің картаңыздың интернет-банкингінен үзінді көшірмелер немесе банктегі шоттан үзінді көшірме, мұнда Сіздің ТАӘ және сатушыға тауар үшін төлем сомасы көрсетілген (үлгі салымда).
( Үлгілерді мына жерден көруге болады: Каспи Банк / Halyk Bank . Егер төлеу үшінші тұлғамен жүргізілсе, қосымша түрде төлеушінің жеке басын куәландыратын құжаттар қоса берілуі қажет. Міндеттемеде үшінші тараппен төлеу себебі көрсетілсін. Егер төлеуші жақын туыс болып келсе, туыстықты растайтын құжат ұсынылсын.
Ресімдеудің болжамды құнын Сіз онлайн калькулятор арқылы өзіңіз есептей аласыз.
Мұнда есептеуге арналған калькулятор қойылған. Оны бастапқы беттен алып тастау
Есептелген соманы өздігінен төлемеуіңізді өтінеміз, біздің қызметкеріміздің жауабын күтіңіз. Шот құжаттардың толық жиынтығы (1-4 т.) алынған соң жіберіледі.
Егер пайда болған сомамен Сіз келісетін болсаңыз, келесі мекенжайларға құжаттардың дайын пакетін (1-4-т.) жіберуіңізге болады (жіберілетін құжаттардың максималды ұйғарынды өлшемі 10 МБ):
Алматы қаласына келген жүктер үшін: alatpo@dhl.com (СМС-та немесе электрондық құлақтандыруда біз міндетті түрде келу қаласын көрсетеміз)
Астана қаласына келген жүктер үшін: tsetpo@dhl.com (СМС-та немесе электрондық құлақтандыруда біз міндетті түрде келу қаласын көрсетеміз)
Атырау қаласына келген жүктер үшін: tpoguw@dhl.com (СМС-та немесе электрондық құлақтандыруда біз міндетті түрде келу қаласын көрсетеміз)
Хаттың тақырыбында жүгіңіздің нөмірін (DHL жүкқұжатының нөмірін) міндетті түрде көрсетіңіз, әйтпесе біз Сіздің жөнелтіміңізді сәйкестендіре алмаймыз және хат жауапсыз қалуы мүмкін.
Жауап ретінде біздің қызметкеріміз екі жұмыс күні ішінде Сізге төлеуге арналған шот немесе қажет болған жағдайда қосымша құжаттарға сұрау салу жібереді.
Шотты сайт арқылы онлайн төлеу ( нұсқаулық ). Онлайн төлеу кезінде төлеу туралы хабарлама DHL-ға және авторластыру кезінде көрсетілген электрондық мекенжайыңызға автоматты түрде келеді. DHL хабарламаларды жүргізілген төлемнен кейін бірнеше минут ішінде автоматты режимде алады.