DHL Express

01/01/2024 жылдан бастап «ДХЛ ИНТЕРНЕШНЛ КАЗАХСТАН» ЖШС кедендік өкілі қызметтерінің тарифтері мен тізбесі

Қызметтердің атауы Тарифтер ҚҚС-ты есепке ала отырып, теңгемен көрсетіледі.
1 Ішкі тұтыну және экспорт үшін шығару рәсімі бойынша DHL Express желісі бойынша келген жүктерге тауарларға арналған декларацияны (ТД) басып шығару. 35000
2 Осы тарифтердің 1-тармағына сәйкес ресімделген ТД-ны ресімдеу бойынша кедендік өкілдің қызметтері. 20000
3 Ішкі тұтыну және экспорттау үшін шығару рәсімі бойынша басқа да курьерлік қызметтердің желісі бойынша келген жүктерге тауарларға арналған декларацияны (ТД) басып шығару. 40000
4 Осы тарифтердің 3-тармағына сәйкес қалыптастырылған ТД-ны ресімдеу бойынша кедендік өкілдің қызметтері. 20000
5 Бір ТД/ТД үшін жүктерді шоғырландыру (әрбір қосымша көліктік жүкқұжат үшін). 5000
6 Тауарға арналған декларацияның (ТД) қосымша парағын ресімдеу, басып шығару, қалыптастыру (әрбір парақ үшін). 4000
7 DHL Express желісі бойынша келген жүктердің кедендік кіріс ордерін (ТКО) пайдаланумен өтініш бойынша импорттық жөнелтімдерді ресімдеу. 20000
8 Басқа курьерлік қызметтердің желісі бойынша келген жүктердің кедендік кіріс ордерін (ТКО) пайдаланумен өтініш бойынша импорттық жөнелтімдерді ресімдеу. 25000
9 Кедендік декларацияның түзету (КДТ) декларациясының электрондық көшірмесін ресімдеу, басып шығару, қалыптастыру. 30000
10 Кедендік транзит рәсімі бойынша транзиттік декларацияның (ТД) электрондық көшірмесін ресімдеу, басып шығару, қалыптастыру. 40000
11 Транзиттік декларацияның қосымша бетін ресімдеу, басып шығару, қалыптастыру (әрбір парақ үшін). 3000
12 Кедендік декларациялау үшін ілеспе құжаттаманы дайындау және ұсыну бойынша қызмет.** 10000
13 Жүктерді УСҚ-да сақтауды ұйымдастырудың өтемақысы.*** Хабарландыру күнінен бастап
сақтаудың 3 жұмыс күні тегін.
Жүктерді 3 жұмыс күнінен астам
сақтау кезінде:
0.5 кг-дан кем жүктер үшін күніне
сақтау құны 1000 тг. құрайды;
0.5 кг-дан асатын жүктер үшін күніне
сақтау құны 1000 тг. және әрбір кг
үшін 15 тг. құрайды.
14 Жүк жөнелтпе құжаттаманы аудару (бір парақ үшін). 2500
15 Мұрағаттық жүк жөнелтпе құжаттардың көшірмелерін ұсыну (оны ішінде ТД, ККО, инвойстар және т.б.). 6000
16 Уәкілетті органдардың қорытындыларын/келісімдерін алу. Сертификаттау орталығы жұмыстарының құны жеке төленеді. 15000
17 Еуразиялық экономикалық одақтың Техникалық регламенттерімен көзделген, тауарлардың сәйкестігін бағалау туралы құжатты алу (сертификат және/немесе сәйкестік туралы декларация). Сертификаттау орталығы жұмыстарының құны жеке төленеді. 25000
18 DHL Express желісі бойынша келген жүктерге арналған тізілімдер нысанында экспресс-жүктер үшін (ЭЖТД) тауарларға арналған декларация ретінде жеңілдікті тәртіпте «Ішкі тұтыну үшін» рәсімі бойынша импорттық жөнелтімдерді кедендік декларациялау (әрбір қосымша көліктік жүкқұжат үшін).* 20000
19 DHL Express арқылы келетін тауарларға жазбаша өтініш бойынша жеңілдікті тәртіпте «Ішкі тұтыну үшін» рәсімі бойынша импорттық жөнелтілімдерді кедендік декларациялау.* 20000
20 Тауарлардың тізбесін қолдана отырып, жөнелтімдерді кедендік декларациялау 20000
21 Басқа курьерлік қызметтердің желілері бойынша келген жүктерге жазбаша өтініш бойынша жеңілдікті тәртіпте «Ішкі тұтыну» рәсімі бойынша импорттық жөнелтімдерді кедендік декларациялау. 30000
22 Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеусіз көліктік декларацияны қолдана отырып, жеке тұлғалардың атына импорттық жөнелтімдерді кедендік декларациялау (бір жеке шот-фактура үшін).* 4000
23 Кедендік төлемдердің төлеуін ұйымдастыру кезінде әкімшілік шығыстардың өтемақысы. Кедендік төлемдердің сомасынан 8%, бірақ 1000 теңгеден кем емес.
* * Қызмет үшін төлемақы Импорт-экспресс бағдарламасы бойынша келетін жүктер үшін қолданылмайды.
** Қызмет үшін төлемақы DHL кедендік өкілімен ресімделетін жүктер үшін қолданылмайды.
*** Сақтау үшін төлемақы келген соң немесе клиентке хабарлаған соң 3 күннен кейін күшіне енеді, қай жағдайдың кешірек басталғанына байланысты.