DHL Express

Кедендік ресімдеу

...

Кедендік ресімдеудің негізгі қағидалары

Құрметті клиенттер!

     ҚР «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің 29-бабы 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткізілетін барлық тауарлардың Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасында көзделген тәртіпте және талаптармен міндетті кедендік ресімдеуге жататынына назарыңызды аударуға рұқсат етіңіз.

DHL EXPRESS қоймасына келгеннен және орналастырылғаннан кейін 14 күннен асқан жүктерді қайтару туралы хабарлама

DHL компаниясы курьерлік қызмет және экспресс жеткізу қызметі болып табылады. Біздің заңнамамызда корреспонденцияны (құжаттарды) және жеке пайдалануға арналған жеке тұлғалардың тауарларын қоса алғанда, экспресс-жүктер кедендік ресімдеудің стандарттық тәртібіне бағынады.

Сізге егер алушы кедендік ресімдеуге арналған құжаттарды алмаса немесе тауармен ағымдағы іс-әрекеттер туралы кері байланысты ұсынбаса, жүктің келуі туралы хабарлама күнінен бастап 14 күнтізбелік күн өткен соң DHL EXPRESS компаниясының ішкі рәсімдерге сәйкес тауарды жүк жіберушіге кері қайтару құқығын өзінде қалдыратынын хабардар етеміз. 

Сіздің кедендік заңнама талаптарына сәйкес, барлық кедендік формальдылықтарды өздігінен жүргізуге және де жеткізу немесе қоймадан алу үшін жүкке арналған кедендік шығаруды белгіленген мерзімдерде ұсынуға құқығыңыз бар.

 Түсінгеніңіз үшін рахмет!

  Біздің артықшылықтарымыз

 DHL тасымалдау және кедендік ресімдеу бойынша қызметтердің бірыңғай провайдері болып табылады.

  1. DHL көрсететін қосымша қызметтер клиенттердің кедендік ресімдеу процесіне қатысуын барынша азайтуға мүмкіндік етеді.
  2. DHL кедендік өкіл ретінде клиент үшін кедендік баждар мен төлемдердің төлеуін жүргізе алады.
  3. DHL компаниясының кедендік мамандары әрдайым ақпараттық қолдау көрсетуге және кедендік ресімдеу бойынша күрделі мәселелерді шешуге көмектесуге дайын.
  4. Қазақстанның Алматы, Атырау, Астана қалаларында кедендік ресімдеуді жүргізу мүмкіндігі.

 

Онлайн помощник